Атырау облысында 17 инвестжоба жүзеге асырылады
Атырау облысында биыл 17 инвестициялық жоба жүзеге асырылады.
Олардың құны шамамен 90 миллиард теңгеге бағаланып отыр. Инвесторлар машина жасау, сауда-саттық, ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі салаларына қаржы құйған. Жаңа нысандар қолданысқа берілген жағдайда 750 адам жұмыспен қамтылады.
Нұрлыбек Бағыт, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының ресми өкілі:
- Оның бірі Атырау қаласындағы жүк вагондарын шығару зауыты. Құны 75 млрд теңге. Жұмыс орыны 180 адамды құрайды. Бұл жоба толық қуатына көшкен кезде жылына 6 мың вагонға дейін және 2700 жаңа жұмыс орыны құрылады. Ал екінші жоба – сауда, ойын-сауық орталығы. Мұнда 100 адам жұмыспен қамтылған. Сондай-ақ сауда орнында дүние жүзілік және қазақстандық брендпен 100-ден аса сауда орыны бекітілген.