Қазақстандықтардың банктерге қарызы ₸500 млрд-қа жуықтайды

Қазақстандықтардың банктерге қарызы 500 млрд теңгеге жуықтайды, деп хабарлайды 24kz.

Едәуір үлесі ірі қалалардың тұрғындарына тиесілі. Мәселен, алматылықтардың алған несие көлемі шамамен 200 млрд теңгеге тең. Астана мен Шымкент халқының жалпы берешегі 80 млрд теңгеге жетті. Борышкері көп өңірлердің тізімінде Қарағанды мен Түркістан облыстары да бар. Қаржылық ұйымдардың алдында қарызы аз өңірлердің ішінде Ұлытау мен Солтүстік Қазақстан көш бастап тұр.