Өңдеу өнеркәсібінің көлемі артты

Биыл алғашқы жартыжылдықта Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі 5 пайызға өсті.

Қара және түсті металлургияда, химия, машина жасау салаларында және жиһаз өндірісінде оң динамика байқалады. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми мәліметі осындай. Салада импорт көлемі 7 пайызға төмендеген. Мемлекеттік сатып алу кезінде отандық жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, химия, металлургия салаларындағы және қағаз, жиһаз, құрылыс материалдарының 4 мыңнан астам түріне басымдық беріліп жатыр. Қазір бұл тауарлар бойынша кәсіпорындармен жасалған келісімшарттар саны 1,4 есеге артып, 106 млрд теңгеге жетті. 

Өңдеу өнеркәсібі - 5,1% өсті

Импорт - 7% азайды

4 201 тауар

Келісім-шарт көлемі 1,4 есе көбейді

Құны ₸106 млрд