Қазақстанның Таиландпен тауар айналымы $370 млн-ға жетті

Қазақстанның Таиландпен тауар айналымы шамамен 36%-ке өсіп, 370 млн АҚШ долларына жетті, деп хабарлайды 24kz.

Біздің өнімнің экспорты да ұлғайып, 55 млн 300 мың долларды құрап отыр. Қазақстан экспорт көлемін жүзден аса тауар түрі бойынша 900 млн доллардан асыруды жоспарлап отыр. Бұл – металлургия өнеркәсібі, химия және мұнай, минералды ресурстар, ауылшаруашылығы тауарлары: оның ішінде бидай, тыңайтқыштар мен мал азығы бар. Бүгін екі елдің сауда министрлері кездесіп, сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге қол қойды.

Арман Шаққалиев, ҚР Сауда және интеграция министрі:

- Біз екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды дамытуға ерекше көңіл бөлеміз. Өткен жылы Қазақстанның Оңтүстік-шығыс Азия елдерімен сауда-саттығы жанданғанын көріп отырмыз. Шикізаттық емес тауарлардың экспорты өсіп, Қытай 10%, Гонконг 35%, Оңтүстік Корея 30% және Вьетнам 60%-ке артты.

Пхумтам Вечайячай, Таиланд корольдігі Премьер-министрінің орынбасары - сауда министрі:

- Қазақстан астанасына келіп өзіңізбен кездескеніме қуаныштымын. Екі ел арасындағы сауда экономикалық ынтымақтастығымыз нығая түседі деген сенімдемін. Қазақстанның транзиттік әлеуеті зор екені бізге белгілі.