Соңғы 2,5 жылда 1 трлн теңгеден асатын активтер елге қайтарылды

Жыл басынан заңсыз иемделген 195 млрд теңге ел қазынасына қайтарылды, деп хабарлайды 24kz.

Осылайша екі жарым жылда өндірілген активтердің жалпы сомасы 1 трлн теңгеге жетті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік мамандары осылай дейді. Қолды болған активтердің дені Австрия, Франция, Лихтенштейн, Біріккен Араб Әмірліктері мен Түркиядан табылған. Олар ақшалай ғана емес, бағалы қағаздар мен мүлік, зергерлік бұйым түрінде де тәркіленді. Сондай-ақ істі болған экс-вице-министр Т.Тоқтабаевтың Қостанай облысындағы «Шевченковское» кен орны мемлекет меншігіне қайтарылды.

Айта кетейік, заңсыз сатып алынған активтер елдегі әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталады. Мәселен, Қайрат Сатыбалдыұлы қайтарған жылжымайтын мүліктің бірқатары жоғары оқу орындарының теңгеріміне берілді.