Түркиялық инвесторлар ауыл шаруашылығына қаржы құюға ниетті

Түрік инвесторлары еліміздің ауыл шаруашылығы саласында бірлескен кәсіпорындар құруға ниетті, деп хабарлайды 24kz.

Ыстамбұл қаласында Ауыл шаруашылығы министрімен кездескен түрік компаниялары Қазақстандағы инвестициялық мүмкіндіктерін жоғары бағалады. Біздің елде мемлекеттік қызметтерді алуда және құжаттарды дайындауда жеңілдіктер көп. Сондықтан соңғы 20 жылда түркиялық инвесторлар елімізге 5,1 млрд доллар қаржы салған. Бүгінде ауыл шаруашылығы саласында түрік инвесторларының қолдауымен құны 553 миллион доллар болатын 6 жоба сәтті жұмыс істеп тұр. Былтыр екі ел арасындағы тауар айналымы 13%-ке өсіп, 325 млн долларға жетті. 2024 жылдың алғашқы 5 айында ол 137 млн долларға жетті.

Селами Авжы, Түркиялық кәсіпкер:

- Қазақстан ауыл шаруашылығы саласы бойынша әлемдегі маңызды елдердің бірі. Сондықтан осы мүмкіндікті дұрыс пайдалануымыз керек. Бүгін Ақтөбеде және Астанада логистикалық орталық құрылысын бастау үшін қазақстандық әріптестерімізбен келісімге қол қойдық. Ол құны 20 млн еуро болатын инвестициялық жоба.