Алматы облысында АЭС салу бойынша қоғамдық тыңдау өтті

Алматы облысының тұрғындары атом электр станциясын салу мәселесін талқылады, деп хабарлайды 24KZ.

Жиналғандардың дені АЭС құрылысын жүргізуді қолдайтынын жеткізді. Алматы облысы жылына орта есеппен 550-630 МВт электр қуатын тұтынады. Соның жартысы өзінде өндірілсе, қалғанын сырттан сатып алады. Еліміздегі қарқынды дамып келе жатқан өңір болғандықтан, облыстың электр энергиясын тұтыну көлемі 2050 жылға қарай 3000 МВт-қа дейін жетуі мүмкін. Өйткені мұнда 4 жаңа индустриялық аймақ салу жаоспарланған. «Ал Алатау қаласының құрылысы 3 кезең бойынша жүзеге асады. Онда қуатты тұтыну көрсеткіші 1800 МВтқа дейін жетеді», – дейді мамандар.

Сергей Третьяков, Үлкен ауылының тұрғыны:

- Мен Қазақстан аумағынан атом электр станциясын салу туралы бастаманы қолдаймын. Өйткені біздің еліміз үшін энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізу өте маңызды. Болашақта ел аумағында көптеген кәсіпорындар салынып, жаңа жұмыс орындары ашылады. Ал энергетикалық қауіпсіздік мәселесінде көрші елдерге үміт арта беруге болмайды.

Саябек Сахиев, Ядролық физика институтының бас директоры:

- Ұлттық қауіпсіздіктің бірі – энергетикалық қауіпсіздік. Мысалы, энергетика көзі әлемде ең қауіпсіз, ең арзан делініп келсе, экологиялық мәселелерге сәйкес қазір ең жасыл энергетика делініп келе жатыр. Міне, осы екі шартты қанағаттандыратын атом электр станциясы базалық. Ол 24 сағат тәулігіне, 7 күн аптасына электр энергиясымен қамтамасыз етіп беріп отырады.