И. Кенжина: Қазіргі АЭС қауіпсіздік деңгейі жоғары

Қазіргі заманғы атом электр станцияларының қауіпсіздік деңгейі жоғары.

Оған зерттеулер дәлел. Ядролық және термоядролық энергетика саласындағы жетекші ғалым, профессор Инеш Кенжина осындай пікірде. Қазір әлемде бірнеше мемлекетте атом электр станциялары қалыпты жұмыс істеп жатыр. Ғалымдар ел ішіндегі алаңдаушылықты сейілту үшін заманауи атом электр станцияларының артықшылығы мен оның қауіпсіз екендігін халыққа кеңінен түсіндіру қажет деп санайды.

Инеш Кенжина, атом және термоядролық энергетика саласының зерттеушісі, профессор:

- Қорқудың жөні жоқ. Қорқыныш пен үрей көп жағдайда ақпараттың жетіспеуінен туындайды. Қазіргі уақытта құрылысы қарастырылып жатқан атом электр станцияларының негізгі түрі – су-сулы реактор. Бұл энергоблоктар қауіпсіз, қорғанысы да мықты. Жер сілкінісінен және басқа да апат түрлеріне төзімді. Яғни, атом электр станциясы толығымен қорғалған. Барлығы ескерілген. Біз үшін қауіпсіздік бірінші орында. Заманауи технологиялар қауіпсіздіктің барлық қатаң талабына сәйкес келеді.