«Ауыл аманаты» бағдарламасына ₸100 млрд бөлінді

«Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыруға биыл 100 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды 24KZ.

Қаражат жетіспеген жағдайда облыс әкімдіктері жергілікті бюджет есебінен шағын несиелендіруге қосымша қаржы бөле алады. Бұл ауыл мен шағын қалалардың тұрғындарын несиелендірумен қамту көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бағдарламада жылдық 2,5% сыйақы мөлшерлемесі бойынша 5 жылға дейінгі мерзімге, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін 7 жылға дейінгі мерзімге шағын несие беру көзделген. Шағын несиенің ең жоғары сомасы – 9,2 млн теңге. Ал ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту үшін 29,5 млн теңгеге дейін несие беріледі. Бүгінде 6,2 млрд теңгеге 300-ге жуық кооператив қаржыландырылды.