Жетісу облысының Көксу ауданындағы қант зауыты жаңғыртуды қажет етеді

Жетісу облысының Көксу ауданындағы қант зауытына модернизация қажет. 90 жылдық тарихы бар кәсіпорын осыған дейін екі рет жаңғыртудан өткен. 

Нәтижесінде өндірістік қуаты тәулігіне 1600-ден 2 мың тоннаға дейін жетті. Биыл саладағылар 250 мың тонна тәтті түбір өңдеуді жоспарлап отыр. Аймақтағы қант қызылшасы алқабының ұлғаюына әрі шикізаттың көп болуына байланысты зауыттың да мүмкіндігін арттыру қажеттігі туындап отыр. Ол үшін мемлекет тарапынан көмек қажет. Әрі сырттан келетін қант есебінен отандық өнімді өткізуде қиындық туындайды.

Алтынбек Абатов, зауыт директоры:

- Инвест субсидияны 50% дейін көтеріп беруді сұрадық. Ол жағдайда біз реконструкция, модернизацияға қорықпай кірісер едік. Ол модернизациядан не ұтамыз? Қант қызылшасының сақталу мерзімі азаяды және қанттың шығуы көбейеді.

Аян Зейнуллин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Ауыл шаруашылығы министрімен талқылаймыз. Не істеуге болады? Қандай көмек жасауға болады қант өндірушілерге? Мүмкін Ресейдің қантын әкеле жатқандарға шектеу қоюға болады. Біздің өндірушілердің бағасын ұстау үшін. Осы мәселені көтереміз. Оны Мәжілісте талқылаймыз.