Сарапшы: АЭС – тұрақты энергия көзі
Атом электр стансысын салудың тиімділігі көп.
Ең басты артықшылық – ол тұрақты энергия көзі. Көмір жағатын электр стансылары қорғашан ортаға орасан зиян келтіреді. Ал жел мен күн қуаты тұрақсыз саналады. «Сондықтан өндіріс пен экономиканы дамытамыз десек, жасыл энергетикаға жататын АЭС салу маңызды», – дейді Ұлттық ядролық орталықтың бас директоры Ерлан Батырбеков. Электр энергиясын өндірудің бұл тәсілін қазір 30-дан астам ел пайдаланып отыр екен.
Ерлан Батырбеков, «ҚР Ұлттық ядролық орталығы» РМК бас директоры:
- Елімізде электр энергиясының негізгі тұтынушылары – ірі кәсіпорындар мен өндіріс ошақтары. Олар жалпы үлестің 70%-ын құрайды. Болашақта бұл көрсеткіш еселене түсетіні сөзсіз. Сондықтан электр энергиясының тапшылығын болдырмас үшін АЭС салу керек деп есептеймін. Әрі оған еліміздегі уран қоры жеткілікті.