Шаруаларға жеңілдікпен қаржы беріледі

Бұл ретте мөлшерлеме бюджет қаражаты емес, тауар жеткізушілер есебінен субсидияланады.

Жоба оң нәтиже берсе, ауқымын кеңейту жоспарланып отыр. Бұл туралы Премьер-Министрдің төрағалығымен өткен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің» директорлар кеңесінің отырысында айтылды. Олжас Бектенов отандық тауар өндірушілерді қолдау құралдарының тиімділігін арттыруды тапсырды. «Бәйтерек» холдингі қаржыландыратын жобаларда 30%-ын отандық тауарлар мен қызметтерді сатып алу туралы міндеттемелер қарастырылған. Үкімет басшысы бұл шекті көрсеткішті арттыру үшін қайта қарауды тапсырды. Әрбір жобаны талдап, мемлекеттік қолдау алушыларға тек қана қазақстандық өндірістің жабдықтарын, материалдарын, басқа да тауарларын сатып алу бойынша міндеттемелер қою қажет», - деп атап өтті Олжас Бектенов.