Диқандарды қаржылай қолдау 2025 жылы жалғасады
Биыл егістік және жиын-терім кезеңіне 5% мөлшерлемемен 580 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды 24KZ.
Жауапты мамандардың айтуынша, диқандарды қаржылай қолдау келесі жылы да жалғасады. Тек егістік емес, техника жаңартуға да арзан пайызбен 450 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр. Алдағы уақытта ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорындарға да көптеп көңіл бөлінбек. «Саланы субсидиялау ісі жетілдіріле береді», – дейді мамандар. Биыл 79 инвестициялық жобаны жүзеге асыруға 100 млрд теңге бөлінген.
Ербол Тасжүреков, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:
- Биылғы жылдан бастап бағдарлама көптеген бағытты қамтиды. Енді сүт өндіретін шаруашылықтарды, суаруды, көкөніс сақтайтын қоймаларды және құс фабрикаларын қаржыландырумен қатар тағы 8 бағыт қаржыландырылады. Оның ішінде ет өндіретін мал шаруашылығы, көкөніс және жеміс-жидек сақтайтын қоймалар, өндірістік жылыжайлар, балық өсіру және өңдеу, құс шаруашылығындағы тұқымдық репродукторлар, терең өңдеу, соның ішінде жүн мен теріні өңдеу.