Жарты жылда 14 мың бизнес жобаға қолдау көрсетілді
Мемлекеттік бюджетке түсетін жүктемені азайту үшін қызмет көрсету саласындағы жобаларды субсидиялау мерзімі 5 жылдан 3 жылға дейін қысқартылды, деп хабарлайды 24KZ.
Бизнес субъектілеріне 1 млрд теңгеден астам несиеге нарықтық шарттар бойынша кепілдік алу мүмкіндігі берілді. Биыл 6 айда кешенді бағдарлама аясында 14 мың бизнес жобаға қолдау көрсетілді. Оның ішінде 9 мыңға жуығы субсидиялау бойынша, ал қалғаны кепілдік беру әдісімен қамтылған. Жақын арада өндірістің технологиялық күрделілігіне қарай мемлекеттік қолдаудың сараланған тетіктерін енгізу жоспарланып отыр.