Павлодар облысында кәсіпкерлер ₸46 млрд жеңілдетілген несие алды

Павлодар облысында 447 кәсіпкер жеңілдетілген несие алды, деп хабарлайды 24KZ.

Өңірдегі бизнес жобаларды қолдауға мемлекеттен 46 млрд теңге субсидия бөлінген. Оның ішінде «Даму» қорының «Бірыңғай кешенді бағдарламасын» тиімді пайдаланғандар көп. «Бұл жоба шағын және орта бизнестің тұрақты дамуына септігін тигізді», – дейді мамандар. Облыстық кәсіпкерлік басқармасының бөлім басшысы Дархан Ермағамбетов: «Өңірдегі кәсіпкерлерді қолдауға бөлінген қаржы көлемі былтырмен салыстырғанда 1 млрд теңгеге көп», – дейді. 

Дархан Ермағамбетов, облыстық кәсіпкерлік және индустриялық даму басқармасының бөлім басшысы:

- Бүгінгі таңда Павлодар бойынша 13 млрд-тан астам қаражат бөлінді. Бүгінгі күні 700-ден аса жоба қолдау алды. Өндіріс кәсіпорындары, қызмет көрсету және одан да басқа салалардың көбіне қолдау көрсетіліп жатыр.