ШҚО туризмін дамытуға ₸12 млрд инвестиция салынды

Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасына былтыр 55 мың адам демалуға келсе, биыл туристер саны 30% артқан, деп хабарлайды 24KZ.

Сондай-ақ демалыс күндері Өскеменнен Алтай ауданына 20 мыңнан астам көлік барады. Бұл да – демалушылар санының артқанының айғағы.

Жалпы өңірдің туризмін дамытуға бір жылда 12 млрд теңгеден астам инвестиция салынды. Енді қысқы туризмді де жолға қою жоспарланып отыр. «Саланың дамуы өңір экономикасына да оң әсерін тигізеді», – дейді Жаңа Бұқтырма кентінің әкімі.

Нұржан Қанапин, Жаңа Бұқтырма кентінің әкімі:

- Туризмнің дамуы, әрине, елді мекен үшін де өте тиімді. Жергілікті кәсіпкерлер өз өндірісін кеңейте бастады. Дүкендер саны артып, қызмет көрсету саласы да дамып келеді.