О. Бектенов ОПЕК бас хатшысымен кездесті

Олжас Бектенов пен ОПЕК бас хатшысы Хайтам Әл-Гайс әлемдік мұнай нарығындағы ахуал мен ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды 24KZ.

Үкімет басшысы ОПЕК-тің әлемдік мұнай нарығының тұрақтылығын қамтамасыз етудегі маңызды рөлін атап өтті. «ОПЕК+ шеңберіндегі мұнай өндірушілер мен экспорттаушылардың келісілген әрекеттері орын алуы ықтимал жағымсыз салдарды азайтуға және нарықтағы жағдайды тұрақтандыруға көмектеседі», – деді Премьер-министр. Кездесу қорытындысы бойынша Олжас Бектенов пен Хайтам Әл-Гайс өзара табысты әрі нәтижелі іс-қимылды жалғастыру ниетін растады.