Зейнетақы мен жәрдемақы көлемі ұлғаюы мүмкін
Қаржы министрлігі «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын қоғамдық талқылауға шығарды, деп хабарлайды 24KZ.
«Ашық нормативтік құқықтық акт» порталында жарияланған құжат 31 тамызға дейін қолжетімді. Оған сәйкес елде ең төменгі зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері өзгеруі мүмкін. Мәселен, ең төменгі зейнетақы көлемі шамамен 5 мың теңгеге көбейіп, 62 771 теңгені құрайды. Ал бір айлық есептік көрсеткіш 3932 теңге болуы мүмкін. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 46 228 теңге. Ал ең төменгі жалақы 85 мың теңге болуы мүмкін.