Қызылорда облысында күріш ору науқаны жүріп жатыр

Қызылорда жағы күрішке орақ салды.

Биыл аймақта 84,3 мың гектар жерге ақ маржан егілді. Бұл былтырғымен салыстырғанда 4,8 мың гектарға аз. Дегенмен, биылғы шығым 85 пайыз болды. Науқанының басталғанына көп болған жоқ, әзірге 800 гектар күріш алқабы орылды. Диқандар жиын-терімді қазан айының ортасына дейін аяқтап, қамбаны дәнге толтыруды ойлап отыр. Ораққа 4 мың 440 ауылшаруашылық техникасы жұмылдырылды. Жанар-жағармай дайын. Ел ырысын шашпай-төкпей жинау үшін шаруашылықтарға 8 мың тоннадай дизель отыны қажет, дейді сала мамандары.

Ерсұлтан Әпетов, облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары:

- Биылғы жылға осы егінді жинауға 8 мың 100 тонна жеңілдетілген дизель отыны қарастырылған облысқа. Қазіргі таңда 4 оператор бізде соны жеткізіп берумен айналысып жатыр. Бағалары сол литрі 247-250 теңге көлемінде. Биылғы жылы да сол 500 мың тоннадан кем жиналмайды, өнім жоғары деп біз есептеп отырмыз.