Қазақстан цифрлық дипломатияны дамытуды жоспарлап отыр

Қазақстанның IT-қызметтер экспортын 1 млрд долларға дейін жеткізу көзделіп отыр.

Мемлекет басшысы Үкімет алдына осындай міндет қойды. Былтыр компьютерлік қызметтердің экспорты 529,1 долларға жеткен. Енді 2026 жылға қарай көрсеткіштерді екі есе арттыру қажет. Осы тұрғыда Қазақстан цифрлық дипломатия мен халықаралық экономикалық ынтымақтастықты белсенді дамытуды жоспарлап отыр. Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді жүзеге асыру жолындағы келесі қадамдар, Тәжікстанда технологиялық парк ашу, стартаптарды қолдау және цифрлық экожүйелерді дамыту болмақ. Сондай-ақ Қазақстан цифрлық инфрақұрылымды дамытуда және инновациялық экожүйені құруда, белгілі бір табысқа қол жеткізгенін айта кеткен жөн. Бүгінгі таңда Astana Hub Орталық Азиядағы көшбасшылыққа үміткер ең маңызды цифрлық орталық. Оның ІТ қызметтері мен өнімдерінің жылдық экспорты 500 млн долларға жетеді. Astana Hub базасында 2021 жылдан бері IT саласында адами капиталды дамытуға бағытталған «Tech Orda» бағдарламасы іске асырылып келеді. Бүгінгі таңда «Tech Orda» бағдарламасы бойынша ІТ мектептер үшін 6 мыңнан астам білім беру гранты бөлінген. 2024 жылы Қазақстан азаматтарын IT мамандықтарға оқыту үшін, тағы 3 мың жолдама бөлу жоспарланған.