Үкіметке газ өңдеу кәсіпорындарының құрылысын тездету тапсырылды
Ел Үкіметіне Жаңаөзендегі, Қашағандағы және Қарашығанақтағы газ өңдеу кәсіпорындарының құрылысын тездету тапсырылды, деп хабарлайды 24kz.
Президент сондай-ақ салада ақылға қонымды тарифтер мен көтерме бағаларды белгілеуді жүктеді. Әйтпесе, экономиканы қажетті көлемде газбен қамтамасыз ету мүмкін емес. Осылай деген Мемлекет басшысы: «бұл шаралар газ кеніштерін геологиялық барлауға жаңа инвестиция тарту үшін маңызды», деді. Газ тасымалдау бағдарларын әртараптандыру және оның қуатын арттыру қажет. Тұрғындарды және экономиканы газбен қамтамасыз ету – Үкіметтің басты міндетінің бірі болып саналады. Президент көгілдір отынды ішкі нарыққа тиімді бөлу қажеттігін айтты.