Сенатор: Жаңа заң халықтың қаржылық мәдениетін арттыруға мүмкіндік береді
Жаңа заң қажет. Президент елдегі банк туралы Заңның ескіргенін айтты.
Ол шамамен 30 жыл бұрын қабылданған. Қазір заман басқа. Ал бізге экономикалық белсенділікті қолдап, қаржылық технологияны қарқынды дамыту керек. Сондықтан Заңды жаңалау уақыт талабы, - деді Президент.
Сенатор Наурызбай Байқадамовтың пайымынша, жаңа құжат елдің бүтін бір қаржы нарығын реттеп қана қоймай, қарапайым халықтың қаржылық сауатын арттырып, қарыз қамытынан шығаруға мүмкіндік береді.
Наурызбай Байқадамов, ҚР Парламенті сенатының депутаты:
- Президенттің айтып отырғаны, банк туралы заң қабылдау керектігі туралы. Бұл жерде банктердің әлеуметтік жауапкершілігі артады деп ойлаймын. Бұл – өте өзекті мәселе. Тұрғындардың қаржы мәдениетін арттырады деп ойлаймыз. Осы бағыттағы халықтың қарызсыз өмір сүруін жетілдіру механизмі деп есептеймін.