Бектенов: Азаматтардың табысын арттыру – Үкіметтің басты мақсаты
Қазына қаражатын оңтайлы жұмсауға барынша көңіл бөлуіміз керек.
Республикалық бюджеттің кіріс бөлігін қамтамасыз етуді едәуір күшейту қажет. Бұл жайында Премьер-министр Олжас Бектенов айтты.
Бүгін Үкімет отырысында Мемлекет басшысының Жолдауда айқындаған міндеттерін жүзеге асыру шаралары пысықталды. Премьер-министрдің орынбасарлары барлық сала бойынша қолға алынған шаралар жайында жан-жақты баяндады.
Жоғары деңгейде өңделген өнім шығаруға басымдық беріледі. Бұл әлеуеті зор салаға Үкімет пен әкімдіктер айрықша көңіл бөлетін болады. Олжас Бектенов Президенттің Жолдауын сапалы іске асыру – біздің басты міндетіміз, -деді Бектенов.
Бұл мақсатқа экономиканың құрылымын өзгерту арқылы қол жеткізу көзделіп отыр.