Энергетика инфрақұрылымын жаңғыртуға ₸10 трлн қажет
Энергетика саласындағы инфрақұрылым әбден тозды, деп хабарлайды 24KZ.
22 жылумен жабдықтау кәсіпорыны 65%-тен 90%-ке дейін ескі. 18 электрмен жабдықтау нысанында тозу көрсеткіші 70%-тен 97%-ке дейін жеткен. Өзге де өндіруші ұйымдардың жайы мәз емес. Президенттің Жолдаудағы тапсырмасынан кейін ел Үкіметі салаға талдау жүргізді. Нәтижесінде Электр энергетикасы секторын жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыруға 10 трлн теңгеден астам инвестиция қажет екені анықталды. Қаржыны 4 көзден тарту жоспарланып отыр. Атап айтсақ, отандық және халықаралық қаржы институттары, екінші деңгейдегі банктер, бюджет пен Ұлттық қордың қаражаты, сондай-ақ энергетикалық объектілердің иелері.