Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы сауда-саттық артады
Бүгін Сенат қос мемлекет арасындағы сауданы ұлғайтуға арналған құжатты мақұлдады.
Бүгінде Қазақстанның Қырғызстанмен өзара саудасы қарқынды дамып келеді. 2020 жылдан бастап арадағы тауар айналымы 2 есеге өсіп, былтыр 1,6 млрд АҚШ долларына жетті. Осыған байланысты «Қарасу» және «Ақ-Тілек» автожол өткізу пункттері ауданында индустриялық сауда-логистикалық кешені құрылмақ. Оның жалпы алаңы – 7,6 шаршы шақырым. Оның Қазақстандағы бөлігінің алаңы – 3,6 шаршы шақырым, ал Қырғызстан бөлігінің алаңы 4 шаршы киллометрді құрап отыр.
Бауыржан Қаниев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Екі елдің мемлекет басшылары 2030 жылға дейін тауар айналымын екі есеге ұлғайту және оны 3 млрд АҚШ долларына жеткізу бойынша тапсырма қойып отыр. Екіжақты ынтымақтастықты жандандыру әрі өзара тауар айналымын ұлғайтуға, сонымен қатар үшінші елдермен сауданы кеңейту және халықаралық тауар өндіруші жүйелерге тиімді ықпалдасу үшін қажетті қадам жасауға бағытталған.