Еуразиялық даму банкі биыл Қазақстанға $900 млн құйған
Еуразиялық даму банкі биыл Қазақстанда инвестициялық жобаларды қаржыландыруға 900 миллион доллардан астам ақша құйған, деп хабарлайды 24KZ.
Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 1,6 миллиард долларға жетеді. Осыған байланысты Премьер-министр Олжас Бектенов аталмыш банктің төрағасы Николай Подгузовпен кездесіп, инвестициялық белсенділігін жоғары бағалады. Әрі қарай инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру бойынша бірқатар мәселелерді талқылады. Соның ішінде күн электр стансыларын салу, «Астрахань - Маңғышлақ» магистральды су құбырын реконструкциялау, автожолдарды салу жобалары бар. Өз кезегінде Еуразиялық даму банкінің төрағасы ірі инвестициялық жобаларды бірігіп іске асыруға әрқашан дайын екенін мәлімдеді.