О. Бектенов inDrive қызметінің негізін қалаушымен кездесті

primeminister.kz

Қазақстан экономика құрылымындағы цифрлық технологиялар үлесін ұлғайтуды және IT қызметтер экспортын одан әрі арттыруды мақсат етіп отыр.

«Біз ішкі нарықта ірі IT компаниялардың болуын құптаймыз». Премьер-министр Олжас Бектенов inDrive қызметінің негізін қалаушы Арсен Томскиймен кездесуде осылай деді. Арсен Томский бірлескен цифрлық платформаларды енгізуге және интеллектуалды индустрияны дамытудағы ынтымақтастыққа қызығушылық танытты. Яғни inDrive Қазақстандағы IT, білім беру, ғылым секілді басқа да бағыттар бойынша білікті мамандарды даярлайтын inVision U университетін ашу туралы ұсыныс жасады.

Сондай-ақ компания ірі мегаполистерде ауа сапасын жақсарту бойынша экологиялық бастаманы іске асыруды жоспарлаған. Бұл тұста Үкімет басшысы тиісті мемлекеттік органдарға қоғамдық жобада көмек көрсетуді тапсырды.