Түрік сарапшысы: Қазақстан Үкіметі дұрыс бағыт ұстанып отыр
Мемлекет үшін тұрақты әрі қауіпсіз электр энергиясын өндіру стратегиялық тұрғыдан маңызды.
Қазіргі уақытта әлемнің 32 елінде жалпы электр қуаты 394 ГВт құрайтын 440 ядролық реактор жұмыс істейді. Атом энергиясын өндіру көлемі бойынша АҚШ, Франция және Жпония көш бастап тұр. «Бұл – туристер ең көп баратын елдер», – дейді қоршаған орта және энергетика бойынша түрік сарапшысы Күршат Тосун. Оның пікірінше, бұл атом электр станциясының қауіпсіз екенін көрсетеді. Ең бастысы, мұндай нысанды салуда оның орналасатын жерінің ерекшеліктеріне қарай қосымша сақтық шараларын енгізу қажет.
Күршат Тосун, қоршаған орта және энергетика бойынша сарапшы:
- АЭС-те электр энергиясын өндіру құны тұрақты әрі болжамды болып саналады. Әрине, оны салуда басты міндет – қауіпсіздікті сақтау. Содан кейін орналасатын орынын дұрыс таңдау маңызды. Мүмкіндігінше елді мекендер мен ауылшаруашылық аудандарынан алыстау жерді таңдаған жөн. Одан басқа, реакторды салқындату мәселесін ескеру керек. Қазақстан – мұнай мен газға өте бай мемлекет. Бірақ олардың климатқа әсері мен сарқылатын отын екенін ескерсек, АЭС салу дұрыс таңдау деп ойлаймын.