Moody's: Қазақстан тарихындағы ең жоғары рейтингке ие болды

Қазақстан Baa1 «тұрақты» болжамымен Moody' s халықаралық агенттігінің шкаласы бойынша ел тарихындағы ең жоғары рейтингке ие болды, деп хабарлайды 24KZ.

Еліміздің кредиттік көрсеткішінің жоғарылауы экономиканы әртараптандырудың тұрақты қарқынына және институционалдық, саяси ортаның жақсаруына тікелей байланысты. Бұл факторлар экономикалық және несиелік тұрақтылықты нығайтуға ықпал етеді. Агенттік мемлекеттік басқару және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы ілгерілеуді атап өтті. Сарапшылардың пікірінше, жүргізіліп жатқан реформалар азаматтық белсенділікке оң әсерін тигізеді. Moody's бюджет тапшылығын жалпы ішкі өнімнің 2,5-3% деңгейінде ұстап тұру саясатына назар аударды.