Ғалымдар: Атом – таза энергияның қауіпсіз көзі

Ел экономикасын дамыту үшін өндіріс орындарын көптеп ашу керек. Ал жаңа кәсіпорындар құруға электр энегриясы қажет.

«Бұл орайда бейбіт атом – таза энергияның қауіпсіз көзі», – дейді ғалымдар. Мұнай мен көмірге сенім артып, шикізатты энергия өндіруге пайдалана берсек, өнеркәсібіміз де өркендемейді. Бұл туралы атом электр стансысын салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелерінің Кентаудағы трансформатор зауытының ұжымымен кездесуінде айтылды. Штаб мүшелері жаңа кәсіпорындар ашып, сапалы жұмыс орындарын құру үшін өңірге электр энергиясы ауадай қажет екенін жеткізді. Атом электр стансысын салу бізді энергияға тәуелділіктен арылтып қана қоймайды, елдің әлеуметтік-экономикасын дамытуға серпін беретінін түсіндірді. Кездесуде штаб мүшелері зауыт жұмысшыларының сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады.

Ерболат Саурықов, Халықтық штаб мүшесі:

- Біздің еліміздегі үлкен кәсіпорындарды дамыту үшін электр көзімен қамтамасыз етуіміз керек. Оның бірден-бір жолы – бұл атом электр стансысын салу. Бұның ешқандай қауіпті жағдайы жоқ. Біз халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін бүгін осы Түркістан облысынан бастадық. Бұл – 5 деңгейлі қауіпсіздік шаралары сақталатын жоба. Бүгінгі әлемнің алпауыт мемлекеттерінің барлығы осы атом электр стансыларын салып алған. Біз шын мәнінде кешеуілдеп қалып қойдық.