Қазақстанның Хунань аймағымен алыс-берісі артады

Қазақстан мен Қытайдың Хунань аймағы арасында соңғы 7 айда тауар айналымы 413,1 млн долларды құраған.

Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтың аталмыш аймаққа сапары барысында айтылды. Ол өңір губернаторы Мао Вэйминмен кездесіп, тараптар сауда, инвестиция саласындағы ынтымақтастық бағыттарын талқылады. Хунань провинциясында темір, болат, электр энергиясы, машина жасау, көмір, химия, тоқыма және тамақ өндірістері жақсы дамыған. Кездесу соңында  Қазақстан мен Хунань провинциясы арасындағы сауда мен инвестиция көлемін арттыру барысы талқыланды.