Көкшетау ғалымдары: АЭС экономиканың дамуына ықпал етеді
Атом электр стансысын салу экономиканың өркендеуіне ықпал етіп, халықтың әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді.
Көкшетаулық ғалымдар осындай пікірде. Қазір елдегі жылу электр стансыларының 70% тозған. Энергия тұтыну көлемі жыл санап артып жатыр. «Сондықтан сенімді және экологиялық таза қуат көздері қажет», – дейді ғалымдар. Ал экономиканы мол энергия қорынсыз дамыту қиын.
Сағат Мұхамедин, техника ғылымдарының докторы:
- Еліміздің энергетикалық қамтамасыз етуі әлі өз орнына келген жоқ деп айтамын. Бізде пайдалануға берілген электр энергиясының қуаты өте аз. Міне, осындай жағдайлар болмау үшін атом электр стансысының салынуы, оның пайдалануға берілуі өте қажет.