ҚХА мүшелері Жолдауды талқылады

«Әлемдегі геосаяси жағдайды ескере отырып, елдің дамуы үшін маңызды факторларды қолға алған жөн», – дейді Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері.

Президенттің халыққа Жолдауын талқылаған ассамблея мүшелері экономикалық тәуелсіздікке ұмтылу керек деп есептейді. Әртүрлі тауарларға ішкі сұранысты қамтамасыз ету үшін білім мен ғылымды дамыту маңызды. Ішкі өндіріс ұлғайса, жаңа жұмыс орындары да көптеп ашылады. Импорттың көлемін азайту үшін Қазақстанда шикізат қоры жеткілікті.

Долкунтай Абдулхалил, Қазақстан ұйғырлары этномәдени орталығының төрағасы:

- Жемек-ішпекті, біздің мына киетін киімімізді де, мынау алдымызға қойған әрбір жоспарымызды, керек заттарымызды өзіміз қамту үшін қазірден біз дайындалуымыз керек. Біздің Қазақстанымыздың жері жетеді, байлығымыз да жетеді.