Қазақстан мен Германияның орталық банктері арасында келісім жасалды

Қазақстан мен Германияның орталық банктері арасында өзара түсіністік туралы келісім жасалды, деп хабарлайды 24KZ.

Меморандум ақша-кредит саясаты мен қаржылық тұрақтылықты одан әрі ілгерілетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ менеджмент жүйесі мен тәуекелдерді басқару, зерттеу қызметін дамыту, финтех, цифрландыру және цифрлық қаржы активтерін реттеу саласында ынтымақтастық орнатылады. Орталық банк басшылары кездесуде алдағы жылға арналған жоспарды талқылады.