Қонаев қаласында ғалымдар АЭС салу мәселесін талқылады
Қонаев қаласында «Орнықты даму және энергия тапшылығын азайтудың өзекті проблемасы» деп аталатын аймақтық жиын өтті, деп хабарлайды 24KZ.
Онда атом электр стансысын салу туралы жалпыұлттық референдум мәселелері талқыланды. Ядролық физика институты ғалымдарының айтуынша, атом электр стансысы ел экономикасына мультипликативті әсер етеді. Одан бөлек, АЭС құрылысы кезінде 10 мыңға жуық жұмыс орны пайда болады. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, соның кемінде 50%-і жергілікті тұрғындардан алынады. «Бір атом электр стансысы 10-15 жылда өзін-өзі ақтайды және елге ең кемі 60 жыл бойы қызмет ете алады», – дейді ғалымдар.
Данияр Жансейітов, Ядролық физика институтының жетекші ғылыми қызметкері:
- Мысалға, бір атом электр стансысы 14 млн тоннаға дейін ауыр металдарды ауаға шығармайды. Соны сақтап қалады өзінде. Ол дегеніміз АЭС экологияға мүлдем зиян емес. Сондай-ақ бізге тағы да алып келетін үлкен плюстерінің бірі – ол экономикалық плюсі. АЭС өзінің жұмыс істеу кезеңінде 3 млрд долларға дейін тек салық түрінде бюджетке ақша қайтарады.