Грузин кәсіпкерлері елге $88,5 млн инвестиция құйды
Жыл басынан бері грузин кәсіпкерлері Қазақстан экономикасына 88,5 млн доллар инвестиция құйған, деп хабарлайды 24kz.
Ал бас-аяғы 10 жылдың ішінде сыртқы салым көлемі 500 млн доллардан асқан. Әсіресе, оңтүстіккавказдықтармен көлік-логистика саласында ортақ жобаларымыз көп. Мәселен, биыл қос тараптың тасымалдаушылары Транскаспий бағытында 2,9 млн тонна жүк жеткізген. Алда да арадағы алыс-беріс артып, тасымал көлемі 10 млн тоннаға жетеді. Бұл туралы Премьер-министр мәлімдеді. Олжас Бектенов Грузияның бірінші вице-премьері – экономика және орнықты даму министрі Леван Давиташвилимен кездесіп, екі ел ыңтымақтастығын одан әрі нығайту жайын талқылады.