Антикор А.Мырзахметовтің ісі бойынша мемлекетке қосымша ₸7 млрд қайтарды
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы Абылай Мырзахметовтің ісі бойынша мемлекетке қосымша 7 млрд теңге қайтарылды.
Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады. Жыл басынан бері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аяқталған қылмыстық істер шеңберінде шамамен 195 млрд теңгені өтеді. Соңғы екі жарым жылда, оның ішінде олигополиялар тарапынан Қазақстан халқына 1,09 трлн теңге қайтарылды. Қазір бұл бағыттағы жұмыстар Агенттіктің бақылауында.