Сарапшы: Қазақстан өңірлік энергетика нарығында негізгі ойыншы бола алады

Шетелдік сарапшы Эдгар Сибергер Қазақстанға АЭС салу не береді деген сауалға жауап берді.

Оның пікірінше, еліміз өзінің ядролық әлеуетін дамыта отырып, энергетикалық тәуелсіздігін нығайта алады. «Әсіресе көрші елдерге электр энергиясын экспорттайтын сенімді одақтас бола алады», – деп атап өтті білікті маман.

Эдгар Сибергер, Assystem бизнесті дамыту бойынша сарапшы:

- Қазақстанның Орталық Азиядағы стратегиялық жағдайына байланысты атом энергетикасынан кейін жаңа мүмкіндіктер ашылады, сәйкесінше қиындықтар да пайда болады. Мысалы, екі ядролық алпауыт ел Ресей мен Қытай АЭС-тің дамуына қызығушылық танытады. Сондықтан ортада орналасқан Қазақстанға мұқият әрекет ету қажет. Әрі сіздерде орасан зор уран қоры бар. Оның өзі табиғи артықшылық беретіні сөзсіз. Яғни, Қазақстан осы активтерді аймақтық энергетикалық нарықтың негізгі ойыншысы болу үшін пайдалана алады.