Р. Скляр China Datang Corporation өкілдерімен кездесті
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр қытайлық China Datang Corporation Limited компаниясының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды 24KZ.
Компания өз қызметін әлемнің 10-нан астам елінде, оның ішінде Камбоджа, Лаос, Индонезия, Өзбекстан, Сингапурда жүзеге асырады. Өндіруші нысандарының жалпы қуаты 190 гигаваттан асады, оның тең жартысы – жаңартылатын энергия көздері. Талқылау барысында Роман Скляр Қазақстан Үкіметінің энергетика саласын дамыту, инвестиция тарту бойынша жүргізіп жатқан жұмысы туралы атап өтті. Тағы көмір химиясындағы ынтымақтастық мәселелері қаралды. Кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдарға Қытай корпорациясы бастамаларын пысықтау бойынша бірқатар тапсырма берілді.