Қазақстанда электр көліктерінің саны екі есе өсті

Былтыр әлемде 13,8 млн электромобиль сатылған, деп хабарлайды 24kz.

Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 35,3%-ке көп.Енді өзімізге оралайық. Бізде де электр қуатымен жүретін көліктер көбейіп келеді. Қазір елде 11 мыңға жуық көлік бар екен.

Сарапшылар көліктер саны әлі де өсе береді деп болжам жасап отыр. Ал елде осы көліктердің қиындықсыз жүріп-тұруы үшін тиісті жағдай жасалған ба?

Электр көліктерінің жүріуі үшін қуаттандыру орталықтары керегі белгілі. Қазір елде осындай станциялар құрылысы көптеп қолға алынып жатыр. 

Былтырдан бері елдегі электр көліктерінің саны екі есе артты. Тамыз айында Қазақстанда тіркелген электр көлік саны 10  600-ден асты. Алайда елде 5,5 млн көлік бар екенін ескерсек, электр көліктерінің үлесі тым аз екенін аңғарамыз.

Ұлттық статистика бюросының ақпаратына сүйенсек, электр көліктер саны бойынша мегаполистер көш бастап тұр. Көліктердің 60 пайызға жуығы – Алматы қаласының үлесінде. Қалада 6300 электр көлігі бар. Ал екінші сатыдағы Астанада 1300-ден астам электр көлігі тіркелген. Үштікті Алматы облысы түйіндейді. Облыстағы 552 темір тұлпар электр қуатымен жүреді. Ал тізімнің соңында 25 көлікпен Абай облысы тұр.

Электр көліктерінің көбеюі оларға қажет инфрақұрылымды дамытуға екпін берді. Қалада да, далада да көліктерді қуаттандыру станциялары салынып жатыр. Қазір елде республикалық маңыздағы 25 мың шақырым тасжол бар. Көлік министрлігі осы күрежолдарға барынша назар аударып отыр.

Ләззат Стамғазиева, ҚР Көлік министрлігінің ресми өкілі:

- Көбінесе осы электромобильдерді зарядтауға мүмкіндік беретін нүктелер Алматы – Астана тасжолында, Алматы – Астананың бір бөлігі болып келетін Қарағанды – Балқаш тас жолында және де оңтүстік, яғни, Астана мен Шымкенттің арасында, Астана мен Алматының расында, және мына оңтүстіктің өзіндегі жолдарда өтке көп болашақта салынады. Себебі бұл жолдардың қарқындылығы өте көп және сұраныс өте көп. Сондықтан осы жолдарда пайда болады деген болжам бар.

Электр көліктерінің саны

Барлығы – 10 674

Алматы қаласы – 6275

Астана қаласы – 1351

Алматы облысы – 552

Шымкент қаласы – 396

Қарағанды облысы – 183

Маңғыстау облысы – 149

Жамбыл облысы – 133

Атырау облысы – 123

Батыс Қазақстан облысы – 121

Шығыс Қазақстан облысы – 116

Қостанай облысы – 107

Түркістан облысы – 104

Ақтөбе облысы – 89

Павлодар облысы – 81

Қызылорда облысы – 61

Ақмола облысы – 58

Солтүстік Қазақстан облысы – 51

Жетісу облысы – 49

Ұлытау облысы – 38

Абай облысы – 25

100 қуаттандыру станциясы салынады

Станциялар инвестиция есебінен салынады. Инвесторлар тарапынан төрт жолды жолдарға қызығушылық жоғары. Қазір жолдар бойында 23 қуаттандыру нүктесі жұмыс істеп тұр. Министрлік бұлардың санын 100-ге жеткізуді көздеп отыр. Осы мақсатта тиісті келісімдер жасалды. Бүгінде жаңадан салынып жатқан жолдар бойында 600-ге жуық алаң дайын тұр. Бұл алаңдарға да қуаттандыру станцияларын салуға болады.

Ләззат Стамғазиева, ҚР Көлік министрлігінің ресми өкілі:

- Бірақ бір жайт, инфраструктуралық тұрғыдан қарау керек. Кейбір жерлерде, ол жерде 80-100 киловаттық қуаттылықты талап етеді ондай электрстанциялық нүктелеріміз. Алайда кейбір жерде мына инфраструктурадағы киловатт қуаттары тартпай жатады. Сондықтан жергілікті әкімдіктермен осы жұмыстарды қолға алып жатырмыз.

Валюта бағамы

Валюта бағамына тоқтала кетсем. Ұлттық банк бекіткен бағам бойынша доллардың бүгінгі құны – 480 теңге 50 тиын. Еуро 534 теңге 22 тиынға бағаланды. Ресей рублінің бағасы 5 теңге 18 тиын сомасында тұрақтады. Ал Қытай юанінің құны – 68 теңге 12 тиын.