Елімізде электрондық сауда қарқынды дамып келеді

Тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамымызда әлі де өзекті, деп хабарлайды 24kz.

Халықты алдау, сапасыз тауарды өткізіп жіберу немесе сатып алынған заттың кепілдік мерзімі аяқталмай бұзылып қалуы, ал оның ақшасын қайтармай, тұтынушыны әуре-сарсаңға салу бүгінгі күні жиі кездесетін жағдай.

Динара Кунафина:

- Дастан, ал сен өзің онлайн дүкендерден тауарға тапсырыс бергенде, не нәрсеге назар аударасың?

Дастан Мұрсәлім:

- Мен ешқашан онлайн дүкеннен тапсырыс беріп көрмеппін. Маған қауіпсіздік бірінші орында.

Дегенмен қазір елде электронды сауда айналымы дамып келеді. Ал осы сауда саттықта өз құқығымызды қалай қорғаймыз? Бұл туралы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі тәуелсіз сарапшы Тұрсын Баткенқызы Жағыпаровадан сұрап білейік.

  1. Заң бойынша тұтынушылардың қандай құқығы бар? Осыдан бастайықшы. Халықаралық сатып алу келісімшарттары тұтынушының құқықтарын қалай реттейді?
  2. ⁠Шетелден алынған тауардың сапасы Қазақстандағы стандарттарға сәйкес келмей жатса не істеу керек? Ол үшін кепілдік қалай беріледі және ол Қазақстанда жарамды ма?
  3. ⁠Шетелден келген тауар жеткізу кезінде бүлінсе немесе жоғалса, тұтынушы кімнен өтемақы талап ете алады? Жеткізу компаниясының жауапкершілігі қандай деңгейде?
  4. ⁠Тұтынушының құқықтарын қорғау үшін қандай халықаралық ұйымдарға жүгінуге болады? Қазақстанда тұтынушылардың халықаралық құқықтарын қорғауға мамандандырылған ұйымдар бар ма?
  5. ⁠Егер интернет-дүкен алаяқтық әрекет жасаса немесе тауар жеткізілмесе, тұтынушы не істей алады?

Спикер: Тұрсын Джагпарова, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі тәуелсіз сарапшы.