Шығыстағы шалғай ауылдарда қуат көзіне тапшылық туындауы мүмкін
Шығыс Қазақстан облысындағы шалғай ауылдарда қуат көзіне тапшылық туындауы мүмкін.
Қазір Шемонаиха ауданының фермерлері сиыр сауу қондырғыларын қосу үшін дизельдік генераторлар сатып алып жатыр. Өйткені соңғы кездері аудан орталықтарында жарық жиі сөне бастаған. Жергілікті тұрғындардың шамына тиген мәселемен Сенат депутаттары Ольга Булавкина мен Шәкірім Бұқтұғұтов танысты. Ал Өскеменде өткен кездесуде электр энергиясының жаңа көздерін табу жолдары талқыланды. Оның ішінде атом электр стансысының тиімділігі айтылды. Ұлттық ядролық орталықтың сарапшылары атом өнеркәсібінің технологиялық тұстарын түсіндіріп берді. Мысалы, Қазақстанда ұсынылып жатқан станция қауіпсіздіктің үшінші санатына ие. Нысанның қуаттылығы 2400 мегаватқа тең.
Ольга Булавкина, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Бұл мәселені саяси, экономикалық әрі энергетикалық тұрғыдан шешуіміз керек. Оның үстіне өткен кездесулерде тұрғындар тарапынан қолдау болды. Әрине, халықтың уайымдайтын да жөні бар. Олар негізінен қалдықтар мен мамандарға қатысты.