Қонақүй салушыларға шығындардың 10%-ін мемлекет субсидиялайды

Жарты жылда еліміздегі қонақүйлер мен мейманханалар 121 млрд теңгеге қызмет көрсетті, деп хабарлайды 24kz.

Жыл өткен сайын туристік әлеуетіміз артып жатыр. Демек, жайлы әрі жоғары сапада қызмет көрсететін қонақүйлерді көбейту маңызды. Инвестициялық жобаның 10%-ін мемлекет субсидиялайды. Отандық бизнес 7 түрлі қолдау шарасымен қамтылған.

Әлішер Тұрсын, «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ ресми өкілі:

- Қонақүй салатын болсаңыз, сізге инвестициялық жобаның құнына 10%, тау-шаңғы құрылғыларын алуға 25%, тау-шаңғы курортын саламын десеңіз, 25% субсидия беріледі. 50 млн-дық қонақүй салсаңыз, соның 5 млн-ы сізге субсидияланады. Одан бөлек, шетелден туристер тартатын немесе алып келетін туроператорларға да бірқатар жеңілдіктер қарастырылған.