Өскеменде уран өндірісінің үздіктері марапатталды

Өскеменде атом өнеркәсібі саласы қызметкерлерінің кәсіби мейрамына орай үздік мамандар марапатталды.

Стратегиялық маңызы зор Үлбі металлургиялық зауытында 4 мың адам еңбек етеді. Үлкен ұжымның, уран өндірудегі үлесі де айырықша. Жалпы еліміз биыл 400 тоннаға жуық байыталған уран экспорттаған. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда бірнеше есе көп. «Дегенмен, қарқынды бәсеңдетпей, заман ағымынан қалмау үшін бұл бағыттағы кадрлар қатарын әлі де көбейту керек», дейді сарапшылар. Мейрам қарсаңында жас қызметкерлермен қатар кешенде 30-40 жыл тер төгіп, еңбек етіп жүрген жұмысшылар да марапатталды. Ардагерлер Қазақстанға білікті де білімді жастар, ауадай қажет деген пікірде.

Оразалы Жетенов, ардагер жұмысшы:

- Енді жаңа технология жаңа мамандар керек бізге қазіргі жастар міне Ресейден де, диплом алып келгендер бар. Біздікң СДИ бітіргендер де бар. Сондай екі дипломмен келіп жатыр. Сонда енді болашағы жақсы деп ойлаймын.