Жетісуда жүгері бағасы тым төмен

Жетісу облысының жүгері өсірушілері былтыр өнімін өткізе алмай қиналса, биыл бағаның төмендігін айтып шағымданып отыр.

Олар тапқан табысымыз шығынды ақтамайды, дейді.

Юлдаш Биширов биыл егістік алқабын екі есе азайтып, жүз гектарға жүгері септі. Себебі өткен жылдағыдай өнімін өткізе алмай қаламын ба деп қауіптенген. Осы күзде ондай қиындық болмағанымен дақылдың құны төмен, дейді шаруа.

Юлдаш Биширов, шаруашылық жетекшісі:

- Бізге бір көмек үкімет көмектеспесе шаруаның жағдайы қиын болып отыр. Хотя бы әрбір өткізген килограмға 20 теңгеден қосып берсе нолль-ноль болып шығамыз.

Шаруалар базынасын жергілікті әкімдікке жеткізген. Соның негізінде еліміздің қаржы министріне хат жазып, табыстадық, дейді Төлеухан Керімбеков. Аудан әкімінің орынбасары өнім өткізуде былтырғы жағдай қайталанбас үшін кәсіпкерлермен де келісім жасалды деп отыр.

Төлеухан Керімбеков Панфилов ауданы әкімінің орынбасары:

- Меморандум құрдық крахмал сірне зауытымен, 100 мың тонна бізден алады. Көкшетаудағы фирмамен 50 мың тонна құрғанбыз, одан кейін жем шығаратын олар жиырма мың тонна аламыз деген.

Меморандумға сәйкес жергілікті крахмал сірне зауыты шаруалардың өнімін қабылдап жатыр. Кәсіпорындағылар жүгерінің әр келісін ылғалдылығына қарай 55-60 теңге аралығында алады.

Аюпжан Валиев, жүгері кептіру кешенінің басшысы:

- Былтыр 120 мың тонна қабылдадық, биыл 150 мың тонна қабылдаймыз деп отырмыз. Енді оның себебі 4 силосный емкость қойдық, сол үшін бізде пройзводительность көбейіп жатыр.

Ауыл шаруашылығы басқармасындағылар жүгері өсірушілерге төленетін қаржылай қолдау онсыз да көбейтілді. Былтыр өнімнің әр келісіне 6 теңге берілсе, биыл оны 10 теңгеге жеткізілді дейді.

Бақтияр Шампиков, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

- Биыл жергілікті бюджеттен басым бағыт дақылдарды субсидиялауға 4,4 млрд теңге қарастырылған. Биыл дәндік жүгері нормативі өткен жылмен салыстырғанда 6 мың теңгеден 10 мың теңгеге ұлғайтылды. Биыл бұл норматив қайта қарастырылмайтын болады.

Жетісу облысында биыл 41 мың гектардан астам жерге жүгері себілді. Саладағылар қара күзге дейін шамамен 281 мың тонна өнім жиналады деп жоспарлап отыр.

Шыңғыс Қалиден, Олжас Байбосынов