Аргентиналық сарапшы АЭС артықшылығын айтты

Қазір ядролық технологиялардың көмегімен экономиканың барлық секторы дамып жатыр.

Аргентинада тұратын халықаралық сарапшы Марсело Сальваторе осылай дейді. Ол Қазақстанда атом энергетикасын дамытуға қатысты пікір білдіріп, өз еліндегі тәжірибені тілге тиек етті. 1956 жылы Аргентина Латын Америкасында электр стансысын пайдалана бастаған тұңғыш ел болды. Қазір елге қажет энергияның 6%-ін беретін 3 атом электр стансысы жұмыс істеп тұр. Аргентина қазір өз қажеттіліктерін өтеп қана қоймай, ядролық саладағы мүмкіндерін жаһандық деңгейде көрсетіп отыр. Марсело Сальваторе Қазақстанда атом энергетикасын дамытудың маңызы зор екенін атап өтті.

Марсело Сальваторе, NAC International бас кеңесшісі:

- Қазақстанның ядролық отын цикілінде маңызды орны бар. Сондықтан бұл саланы дамыту арқылы ресурстарын толықтырады. Атом энергиясы Аргентина үшін де негізгі басымдық болды. Себебі біз ядролық технологияларды пайдалану арқылы экономиканың өзге салаларына жаңа мүмкіндіктерді ашамыз деп сендік және сенеміз. Ең бастысы, барынша күш салып, жұмыс істеп, алған білімді пайдалану арқылы бәрін жасауға болады. Әрине, сақ болу керек, бірақ қорқудың қажеті жоқ.