Қоқыс тастап кетеді – Көше тазалаушылар жұмыстағы қиындықтарын атады

Елордада қар тазалайтын техниканың 80%-ы қысқа дайын.

Қалғаны маусым басталғанша жөндеуден өтеді. Бұл туралы "Астана тазалық" компаниясы хабарлады. Мекеме бас шаһардың жартысына жуық жолын тазалайды. Онда 2 мыңдай адам қызмет етеді. Еңбек күні арна тілшілері жол жұмысшыларымен кездесіп, қысқа дайындықты пысықтап қайтты.

Айжамал Солтанбек 2013 жылдан бері Астана тазалық компаниясында жұмыс істейді. Таңғы алтыдан кешкі беске дейін астананың бас көшелерін тазалайды. Ағылған көлік арасында қауіпті де қиын болса да Айжамал Сонтанбек жұмысына адал қызметкер. Көше тазалығының сақшылары әріптестерімен күніне 7-8 қап қоқыс шығарады.

Айжамал Солтанбек, "Астана Тазалық" ЖШС қызметкері:

- Қыстың қысымшылығында, жаздың жазында жұмыс істейміз. Аязға қарамай, ыстыққа қарамай. Төрт балам бар. Бір балам үйленген. Жуырда немерелі болайын деп жатырмын. Жалақымыз жетпейді. Қолға алатынымыз 200 мың аламыз. Қыста қиын. Қар. Көше тазалап жүргенде адамдар қоқыс тастап кетеді. Мусор тастап кетеді. Сондайлар кедергі болады. Біздің істеп жатқан еңбегімізді бағаласа халық.

Бас шаһардың тыныс тіршілігіне үлкен үлес қосып жүрген еңбек адамы - Дәурен Мұқанов. Ол "Астана тазалық" компаниясының техникасына жауапты. Жалпы еңбек өтілі 45 жылдан асады. Маман бірнеше жөндеу цехының жұмысын реттейді.

- Осы жақта ремонтный цехтар. Оң жағымызда плановый ремонт жүріп жатыр. Осы жаңа істеп жатырмыз. Күніне қанша техника жөндейсіздер?

Дәурен Мұқановтың басшылығымен қар тазалайтын, көше сыпыратын, қоқыс шығыратын көліктердің бәрі жөндеуден өтіп, жол тазалығын сақтауға жұмыс істейді.

Дәурен Мұқанов, "Астана Тазалық" ЖШС жөндеу және техникалық қызметінің жетекшісі:

- Цехта 50 адам жұмыс істейді. Көліктерді өздері қолмен жөндеп салып жүреміз. Мына техника тұрған плановый ремонтпен қысқа дайындық бізде. Мына қар жинайтын тракторлер 100% дайын тұр, грейдерлар 80%. Оларды бітіріп жатырмыз. Плановый ремонт жүріп жатыр бізде. Офиста конторда отыра алмаймын. Мен кісілермен үйренгенмін осылай. Олардың жағдайын реттеп, кісілердің арасында жүрміз ғой осылай.

Мұндағы шеберлер кез келген моторды шашып, қайта жинай алады. Істен шыққан темір тұлпарларды қалпына келтіріп, жөндеп шығарады. Тек керекті саймандары болса болғаны дейді техникалық қызмет басшысы. Тәжірибелі маман биылғы қысқа техника сақадай сай дейді.

Тимур Ахметов, "Астана Тазалық" ЖШС өндірістік техника бөлімінің бас маманы:

- "Астана тазалық" мекемесі қаламыз бойынша 42% мөлшерде жолды тазалайды. Оны цифрмен есептесек 453 км және 7 млн 700 шаршы метр. Біздің тазалайтынымыз қаланың басты көшелері. Мәңгілік ел, Тұран даңғылы, Қабанбай батыр даңғылы, Тәуелсіздік даңғылы деген сияқты. Басқа да қала бойынша 75 мердігерлер бар. Олар да қаланың тазалауына жұмыс атқарады.

Жазда 300, қыста 700 адам жол тазалығы жұмыстарына тартылады. Бүгінде машинистреді жұмысқа қабылдау жүріп жатыр. Жалпы Астана тазалығын сақтауға 2000-дай адам қызмет етеді. Салада негізінен орта жастағы азаматтар еңбек етеді. Бірақ соңғы жылдары әлеуметтік қолдау жақсарған сайын жастардың да қызығушылығы артқан.

Ғазиза Мұхамеджанова, Мадияр Қандыбаев