Елімізде дәнді дақылдардың 75%-і жиналды

Биыл күзгі жиын-терім берекелі.

Еліміздің негізгі астықты өңірлерінде егіннің 75 пайызы орылды. Бұл туралы вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен жиында айтылды. Егін жинау науқанын қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарланған. Қазір  майлы дақылдар жиналып жатыр. Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Азат Сұлтановтың айтуынша, бүгінде қамбаға 3,376 млн тонна астық құйылды. Оның 2,476 млн тоннасы – бидай. Ал  шаруалар 4-5-сұрыпты астықтың форвардтық сатып алу бағасын мүмкіндігінше ерте жариялауды сұрап отыр. Серік Жұманғарин Азық-түлік корпорациясына форвардтық сатып алу бағасын келесі аптада жариялауды тапсырды.