БЖЗҚ: Салымшылардың жинағы ₸20,9 трлн-ға жетті

Зейнетақы қорындағы салымшалардың жинағы 20,9 трлн теңгеден асып, жыл басынан бері 17% өскен.

Бұл дегеніңіз – қазақстандықтар биыл 3 трлн теңге салым салды деген сөз. Ал жалпы жылдық өсім 4,1 трлн теңгеге жетті.

Сондай-ақ 8 айда инвестициялық кірістер де көбейген. Биыл қорға 1,92 трлн теңге табыс түскен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 85,3%-ке артық.