ЕАЭО-да органикалық өнімдердің ортақ нарығы құрылады
Еуразиялық экономикалық одақта органикалық өнімдердің ортақ нарығы құрылады.
Келісімге келесі жылы қол қойылады. Мақсат – адал бәсекелестікті дамытып, өнім құнын қолжетімді ету.
Иә, қазір біздің елде Еуропалық стандартпен сертификатталған 63 кәсіпорын органикалық өнімдер өндіреді.
Органикалық өнімдер өндірісіне көңіл бөлінеді
Еліміз зығыр, бидай, күнбағыс, жасымық, соя сынды органикалық өнімдерді Германия, Нидерланд, Польша, Чехия, Литва, Норвегия мемлекеттеріне экспорттайды. Арнайы сертификатталған 63 кәсіпорын 300 мың гектар аумақта органикалық шаруашылықты өркендетіп отыр. Ал "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы осы бағытты қолдауға ден қойған. Өткен жылы "Organic" мемлекеттік жобалық кеңсесі іске қосылды. Бұл туралы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Ербол Есенеев айтты. Органикалық өнімдерге табиғи тұқымдар мен жасанды тыңайтқыштар қолданылады. Сондықтан, өзіндік құны да жоғары болады. Яғни нарықтағы баға арзан емес. Халықаралық ұйымдардың бағалауынша, органикалық өнім экспорты бойынша Қазақстан 123 елдің ішінде 9-орында тұр. Органикалық бидай экспорттаушы елдер арасында 4-орындамыз. Оның үстіне "Органикалық өнім өндірісі және айналымы туралы" Заң қабылданды. Экономист Мақсат Халық жұмысты жетілдіре түсу үшін тек органикалық өнімдермен айналысатын шаруалар бірлестігін құру қажет дейді. Сондай-ақ, кәсіпкерлерге инфрақұрылымдық қолдау қажет. Логистикалық тізбек түзуге жәрдемдесу де маңызды.
Мақсат Халық, экономист:
- Ондай кәсіпті дамытатын болсақ, елдің өндірістік мүмкіндіктерін арттырады. Елге қосымша қаражаттың келуіне де мүмкіндік береді. Экспорттық әлеуетті жақсартуға мүмкіндік береді. Жанама түрде теңгеміздің тұрақтылығына да ықпал ететін болады. Оның әлеуметтік миссиясы да бар. Қаншама азаматтарымыз сол жерде жұмыс істейтін болады. Ғылымды талап ететін сала болғандықтан, жоғары болады.
ЕАЭО: Органикалық өнімдердің ортақ нарығы
Отандық органикалық өнім өндірушілер сұраныстың жоқтығы мен делдалдардың көптігін алға тартады. Бұдан бөлек, стандарттар санының еселенуіне байланысты сертификаттау мәселесі де туындап отыр. Осы бағытта Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде органикалық ауыл шаруашылығын қолдау үшін нормативтік база қалыптастырылады. Ортақ нарықты құру туралы "Жол картасы" 2021 жылы бекітілген ед. Енді органикалық өнімді тану туралы Келісім жобасы әзірленді. Бұл өндірушілерге өз өнімдерінің белгіленген стандарттарға сәйкестігін растайтын сертификат алуға мүмкіндік береді. Одаққа мүше мемлекеттер арасында, яғни 185 млн адамға органикалық өнімдердің еркін саудасын қамтамасыз етеді. Экономист Мақсат Халықтың пікірінше, нарықты шектемеу керек. Одақ елдері өнімдерін алпауыт мемлекеттерге шығаруға талпынғаны дұрыс. «Әрі еліміз үшін ұлттық экономикалық және азық-түлік қауіпсіздігін есте сақтаған жөн», – дейді.
Мақсат Халық, экономист:
- ЕАЭО болып бірігіп жатсақ, оны 185 млн халыққа ғана емес, млрд-таған көрші халықтарға Еуропа халықтарына органикалық өнімді жеткізу тізбектерін қойып жатсақ, ол жүйеден барлық мемлекет ұтады. Ол жерде әр мемлекеттің өзіндік үлесі болса, пайдасын көреді. Келісімдер болған кезде ЕАЭК отырыстарында бірінші кезекте әр мемлекет өзіне не пайдалы, Қазақстан үшін не пайдал болады? Соны айқындап алуымыз керек деп ойлаймын.
Қазақстан Таиландқа ет экспорттайды
Біздің ел Тайландқа ет экспорттайды. Бұл жаңа нарық. Жылдың алғашқы жартысында Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, тіпті БАӘ-не 27 мың тоннадан аса сиыр етін жөнелттік. Өнімнің 96% ТМД елдеріне экспортталды. Ал Араб елдеріне экспорт көлемі 2 есе өскен. Өндіріс 40,5 мың тоннадан асты. Әсіресе Ақтөбелік шаруалардың көрсеткіші айтарлықтай. Тізімді Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ақмола облыстары жалғайды. Еске салайын, қайта өңдеушілерге ірі қара мал етін әкелу үшін тарифтік квота бөлуге қатысуға өтінім қабылдау басталды. 1 қарашаға дейін 9 240 тонна тарифтік квота бөлінеді.